Финляндия құрамасы ақтық мәреге шықты
![Финляндия құрамасы ақтық мәреге шықты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1400956476_568829532.jpg?v=28695449)
Финляндия құрамасы жартылай финалда Чехия қақпасына әр кезеңде бір шайбадан салып, ақтық мәреге жолдама алды.
Финдер ойынның 9-минутында есеп ашты – бірінші боп Йори Лехтеря көзге түсті. Үзілітен кейін Суоми елінің өкілі есеп айырмасын ұзартты – ойындағы басымдықты пайдалану үшін оларға бір ғана минут жеткілікті болды. Ал финдер үшінші шайбаны чехиялықтар ва-банкке барған сәтте бос қақпаға салды.
Финляндия құрамасы финалда әлем чемпионы атағын Ресеймен сарапқа салатын болады.
Чехия – Финляндия 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)
0:1 – Лехтеря (Хиетанен, Мянтюля) – 08:57
0:2 – Иммонен (Контиола, Каралахти) – 31:02, басымдықта
0:3 – Лехтеря – 59:49, ПВ
Қақпашылар: Салак – Ринне