«Ертіс» сырт алаңда «Атыраудан» айласын асырды
![«Ертіс» сырт алаңда «Атыраудан» айласын асырды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1400945796_491986527.jpg?v=28695454)
Ел біріншілігінің 13-ші турында керекуліктер қонақта «Атырауды» жеңді
Қонақтар ысқырық шалысымен алға ұмтылды. «Мұнайшыларда» қарап жатпады, керекулік команданы қарсы шабуылда тығырыққа тақамақ болды. Есепті «Ертіс» ойыншысы Константин Дудченко 35-ші минутта ашты. Бұдан кейін таблодағы есеп өзгермеді.
Осылайша «Ертіс» сырт алаңда үш ұпай енешілеп, алтыншы орында келе жатқан шымкенттік «Ордабасыға» бір табан жақындады.
«Атырау» (Атырау) - «Ертіс» (Павлодар) 1:0 (1:0)
Гол: Дудченко 35' (0:1)
Төрешілер: Артём Кучин (Қарағанды), Сергей Попов (Астана), Серік Жаппасбаев (Қызылорда)
24.05.2014 Атырау қ. Судремонттик