русский язык
Футбол

«Қасқырлар» өз алаңында «Астананы» тізе бүктірді

«Қасқырлар» өз алаңында «Астананы» тізе бүктірді

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 13-ші туры аясында «Қайсар» мен «Астана» күш сынасты.

 

Ойын бастала салып жергілікті футболшылар шабуылға шықты. Бесінші минутта матчтың алғашқы және соңғы голын Мамуту Кулибали соқты. Осыдан кейін қонақтар қанша шабуылдағанымен нәтиже шықпады. Ойынның басты қаһарманы Кирилл Прядкин «Астана» ойыншыларының мүмкін болған бар соққысын қайтарып, өз қақпасын бос сақтап қалды. 

Дмитрий Огай шәкірттері өз алаңында үш ұпай олжалап, жарыс кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал елордалық команда төртінші орынға бірақ сырғыды.

 

«Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» (Астана)  1:0  (1:0)

Гол: Кулибали 5' (1:0)

Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Санжар Ысқақов (Қостанай), Александр Полуэктов (Тараз) 

24.05.2014 Қызылорда қ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;