русский язык
Хоккей

Ресей құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Ресей құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Швецияны тізе бүктірген Ресей құрамасы Минскіде өтіп жатқан хоккейден әлем біріншілігінің алғашқы финалисті атанды.

 «Тре Крунур» 1-ші минутта-ақ есеп ашты – Микаэль Баклунд командаласы Оскар Меллерді қақпашы Сергей Бобровскиймен бірге-бір шығарып берді. Ал швециялық шабуылшы қолда бар мүмкіндіктен айырылмады. Алайда алғашқы үзіліс болғанша ресейліктер таразы басын теңестіріп қана қоймай, есепте алға шығып үлгерді. Алдымен Евгений Медведевтің соққысынан кейін кері қайтқан шайбаға бірінші жеткен Сергей Плотников есепті теңестірсе, сиренаның естілуіне екі минут қалғанда тағы бір Сергей өз командасын алға шығарды. Бұл жолы жанкүйерлерінің көзайымына айналған Широков болатын.

Екінші кезеңде Антон Белов швед қақпасының «тоғыздығын» дәл көздеді.

Осы есепті солтүстік көршілеріміз соңғы сирена даусы естілгенше ұстап тұрды. Нәтижесінде ресейлік құрама финалға шыққан алғашқы команда атанды.

 

Ресей – Швеция 3:1 (2:1, 1:0, 0:0)

0:1 – Меллер (Линдстрем, Баклунд) – 00:19
1:1 – Плотников (Медведев, Шипачев) – 13:25
2:1 – Широков (Зарипов, Медведев) – 18:00
3:1 – Белов (Зарипов, Овечкин) – 31:02

Қақпашылар: Бобровский – Нильссон

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;