русский язык
Футбол

«Ордабасы» Вайсс командасын қапы қалдырды

«Ордабасы» Вайсс командасын қапы қалдырды

Шымкенттік «Ордабасы» алматылық «Қайратқа» қарсы осы маусымдағы екінші жеңісіне жетті. Бұл жолы алаң иелерінің үш ұпай олжалауына қонақтардың өзі көмекке келді.

Ойын шымкенттіктердің басымдығымен өтті, алайда кездесудің аяғына дейін олар да, алматылықтар да бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмады. 84-минутта Еркебұлан Тұңғышбаев «Қайрат» қақпасына жақын жерден соққы бағыттады, допты Дмитрий Хомич кері қайтарды. Екінші деммен жасалған шабуылда алаң иелері допты қонақтардың айып алаңына бағыттады. Оған бірініше жеткен Михаил Бакаев өз қақпасына гол соғып алды. Бұл соққы «Ордабасыға» жеңіс әкелді, ал Вайсс шәкірттері үш матчтық жеңіс сериясынан кейін алғашқы жеңілісіне ұшырады.

 

«Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 1:0 (0:0)

Гол: 1:0 – Бакаев, өз қақпасына (84)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;