русский язык
Футбол

Топчагич «Шахтерге» жеңіс сыйлады

Топчагич «Шахтерге» жеңіс сыйлады

Футболдан ел біріншілігінің 13-ші турындағы «Шахтер»-«Тараз» кездесуінде бір гол ойын тағдырын шешті.

Бір апта бұрын сырта алаңда ірі есеппен «Ақтөбеден» ұтылған «кеншілер» үшін жеңіс ауадай қажет болды. Осы мақсатпен Қарағандыдағы «Орталық стадионның» жасыл алаңына шыққан «кеншілер», ойынның соңғы минутында жеңісті жұлып алды. «Шахтердің» шабуылшысы Михрет Топчагич «Тараз» қақпашысын қапы қалдырып, қарағандылық командаға жеңіс сыйлады.  

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 13-ші тур.

«Шахтер»-«Тараз»-1:0

Гол: Топчагич, 92  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;