русский язык
Футбол

Чемпиондардың жеңісті сериясы Семейде жалғасты

Чемпиондардың жеңісті сериясы Семейде жалғасты

Қазақстан чемпионатының 13-ші туры аясында ел чемпионы «Ақтөбе» кезекті үш ұпайына қол жеткізді. Бұл жолы Владимир Никитенко шәкірттері қонақта семейлік «Спартакті» тізе бүктірді.

Алексей Петрушкин жаттықтыратын семейліктер келесі маусымда Премьер-лига командаларының қатарында қалу үшін жанын салуда. Алайда қанша қорғаныста мығым ойнағанымен батысқазақстандықтарға Маркос Пиззелидің жалғыз голы жеңіс сыйлады.

Нәтижесінде ақтөбелік клуб көш басындағы орнын нығайтуда, ал «Спартакқа» ҚПЛ-дағы орнын сақтап одан сайын қиындап барады.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 13-й тур.

«Спартак» - «Ақтөбе» - 0:1 (0:0)

Гол: Пиззелли 73

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;