Машкова мен Цимбалова Prague Open турнирінің 1/8 финалына шықты
![Машкова мен Цимбалова Prague Open турнирінің 1/8 финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1400911224_494478074.jpg?v=28695442)
Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова World Tour сериясы аясында Чехия астанасында өтіп жатқан жағажай волейболынан Prague Open турнирінің 1/8 финалына шықты.
Топтық кезеңде қазақстандық дуэт польшалық Катаржина Кочолек пен Дорота Страгты 2:1 есебімен жеңіп, Швейцария өкілі Таня Горичанец пен Таня Хюберлиге, сонымен қатар, неміс Ктрин Хольтвик пен Илке Земмлерге үш партияда жол берді. Осылайша өз тобымен отандастарымыз үшінші орын алды.
1/16 финалда Машкова мен Цимбалова германиялық тағы бір жұп Виктория Бинек пен Юлия Гросснерді 2:1 есебімен қапы қалдырды (16:21, 21:19, 15:13).