русский язык

Сәтбаев қаласындағы стадионның күлі көкке ұшты

Сәтбаев қаласындағы стадионның күлі көкке ұшты

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында дауылдан «Қазақмыс-Спорт» спорт-сауықтыру кешені футбол стадионының үрлемелі күмбезін жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияда хабарлағандай, төтенше оқиға 19 мамыр күні кешке болған, қазір спорт нысанын қалпына келтіру жолдары қарастырылуда.

«Дауылдан футбол алаңының үстіндегі үрлемелі конструкцияны зақымдады. Соның салдарынан құрылғы жерге құлады. Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ. Оқиға болардың аз-ақ алдында алаңда адамдар болған еді. Барлығы сыртқа шығып үлгерді», - деді «Қазақмыс-Спорт» кешенінің директоры Нұрлан Алтынбеков.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;