русский язык
Велоспорт

Қазақстан Азия чемпионатын алғаш рет өткізеді

Қазақстан Азия чемпионатын алғаш рет өткізеді

Астанада велоспорттан тұңғыш рет Азия чемпионаты басталды. 21 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін жарысқа 30 елден 500-ден астам спортшы қатысады.

Трек бағдарламасы бойынша  спортшылар 22-26 мамыр аралығында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде сынға түседі.

Ал шоссе бәсекесін 26 мамыр мен 1 шілде аралығына Қарағандыдағы «Қарағанды-Арена» спортк  кешені қабылдайды.

 

Велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі:

Трек: Роберт Гайниев (2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері), Диас Өмірзақов, Никита Панасенко, Дмитрий Лукьянов, Павел Гацкий, Жақсылық Пазылбек (2013 жылғы Азия Кубогының жүлдегерлері мен жеңімпаздары), Екатерина Юрайтис (Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері).

Шоссе: Дмитрий Груздев (2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы,  Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы), Валентин Иглинский, Максим Иглинский (2012 жылғы Льеж-Бастонь-Льеж біркүндігінің жеңімпазы), Данил Фоминых, Руслан Тілеубаев, Арман Қамышев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;