русский язык
Хоккей

«Монреаль» «Рейнджерске» қарсы есеп айырмасын қысқартты

«Монреаль» «Рейнджерске» қарсы есеп айырмасын қысқартты

Овертаймда «Нью-Йорк Рейнджерсті» жеңген «Монреаль Канадиенс» Шығыс конференциясының финалдық сериясында есеп айырмасын қысқартты.

«Рейнджерлер» Карл Хагелин салған шайбаның арқасында алға шықты, алайда үзілістен кейін «Монреальдің» ресейлік қорғаушысы Андрей Марков таразы басын теңестірді. 

Үшінші жиырма минуттықтың соңында қос команда да бір голдан салып шықты –Даниэль Бриер қонақтарды алға шығарса, сиренаның естілуіне отыз секунд қалғанда Крис Крайдер айдын иелеріне ойынды құтқаратын мүмкіндік алып берді.

Жеңімпазды анықтау үшін овертаймға жүгінуге тура келді, 2-ші минутта Алекс Гальченюктың жалғыз шайбасы «Канадиенске» сериядағы алғашқы жеңісін әкелді.
 

«Нью-Йорк Рейнджерс» – «Монреаль Канадиенс» 2:3 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 0:1)

1:0 – Хагелин (Сан-Луи) – 15:18
1:1 – Марков (Пачьоретти, Галлахер) – 23:20
1:2 – Бриер (Ванек, Бурк) – 56:58
2:2 – Крайдер (Жирарди, Степан) – 59:31
2:3 – Гальченюк (Плеканец, Джионта) – 61:12

Қақпашылар: Лундквист – Токарски

Серия есебі: 2:1

 

 

Видео YouTube порталындағы Captain Canada арнасынан алдынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;