русский язык
Велоспорт

«Джиро д'Италия». Ару өз орнын сақтап қалды

«Джиро д'Италия». Ару өз орнын сақтап қалды

22 мамыр күні «Джиро д'Италия» көпкүндігінің он бірінші кезеңі аяқталды.  Велошабандоздар Коллекио – Савона бағытымен 249 шақырым долды басып өтті. Кезең барысында шабандоздар екінші деңгейлі екі тауды және мәредегі тауды бағындыруға тырысты.

 Мәре сызығына жиырма шақырым қалған кезде Tinkoff-Saxo комнадасының шабандозы Майкл Роджерс шабуылға шығып, жеңімпаз атанды. Соңғы 1,5 шақырым Роджерске қиын соқты. Пилотон оны жұтып қойғандай болып еді, бірақ Майкл суырылып шығып, ақырында жеңісті жұлып алды.

Жалпы есепте ешқандай өзгеріс орын алған жоқ. BMC Racing-тың велошабандозы аустралиялық Кэдел Эванс көш басында келеді. Колумбиялық Omega Pharma – Quickstep комнадасының шабандозы Ригоберто Уран екінші болса, Tikkoff Saxo велошабандозы польшалық Рафал Майка үздік үштікті қорытындылап тұр.

«Астананың» құрамында көшбасшыдан 1 минут 39 секунд қалып тұрған Фабио Ару алтыншы орнын сақтап қалды.

 

«Джиро д'Италия» велододасы. 11-ші кезеңнің қорытындысы

1. Кэдел Эванс (Аустралия, BMC Racing) – 48:39:04

2. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 0:57

3. Рафал Майка (Польша, Tikkoff Saxo) – + 1:10

4. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 1:20

5. Стив Морабито (Швейцария, BMC Racing) – + 1:31

6. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 1:39

37. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 25:42

47. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 31:23

55. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 41:19

68. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 53:47

121. Андрей Зейц (Қазақстан Astana Pro Team) – + 1:26:43

129. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 1:29:08

134. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 1:32:56

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;