русский язык
Футбол

Юсуп Шадиев: «Ел чемпиондары өткен жылғы «Шахтердың» көрсеткен нәтижесін қайталай алмайды»

Юсуп Шадиев: «Ел чемпиондары өткен жылғы «Шахтердың» көрсеткен нәтижесін қайталай алмайды»

Танымал қазақстандық футбол маманы Юсуп Шадиевтің ойынша Ел чемпиондары өздерінің ойын мәнерінің кесірінен жақсы нәтиже көрсете алмайды.

- «Ақтөбенің» ел біріншілігіндегі толағай табыстарына қарамастан, өткен маусымда «Шахтердың» жетістігін қайталай алуы екіталай. «Кеншілер» өткен жылы Еурокубок ойындарының 4-ші іріктеу кезеңіне дейін қайтпас мінез бен стандартты жағдайлардың арқасында жеткен болатын. Ал «Ақтөбе» болса қарағандылық командаға қарағанда шабуылды жақсы көреді. Мұндай ұжымдар Чемпиондар Лигасында көп және олардың ойыншылары ақтөбеліктерге қарағанда бір бас жоғары.

Егер де Никитенко бапкер мықты клубтармен күш сынасатын болса, онда шабуылға басты назар аудармау керек. Өткен жылы киевтік «Динамоның» пентакампенеондарды жермен жексен еткенін білесіздер. «Ақтөбе» үшінші іріктеу кезеңінен ары аса алмайды. Өйткені үшінші кезеңде «Селтик» пен БАТЭ сияқты тәжірбиелі ұжымдар өнер көрсетеді. Ал оларды «Ақтөбе» жеңеді дегенге сенбеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;