русский язык
Хоккей

«Лос-Анджелес» «Чикагоға» қарсы серияда таразы басын тең қылды

«Лос-Анджелес» «Чикагоға» қарсы серияда таразы басын тең қылды

«Лос-Анджелес Кингз» Стэнли Кубогының қазіргі иегері «Чикаго Блэкхоукске» қарсы Батыс конференциясының финалында есепті теңестірді.

Чикагодо өткен екінші кездесуде айдын иелері Ник Ледди мен Бен Смиттің арқасында 2:0 есебімен алға шықты, бірақ «патшалар» үзілітен кейін есеп айырмасын қысқартып қоймай, үшінші жиырмаминуттықта жауапсыз бес шайба салып,  6:2 есебімен чикаголықтарды тас-талқан етті. Бұл ойында Джефф Картер хет-трик жасады.

«Чикаго Блэкхоукс» – «Лос-Анджелес Кингз» 2:6 (1:0, 1:1, 0:5)

1:0 – Ледди (Кит) – 14:16, басымдықта
2:0 – Смит (Боллиг, Одуйя) – 21:40
2:1 – Уильямс (Ричардс, Кинг) – 38:14
2:2 – Картер (Даути, Войнов) – 41:37, басымдықта
2:3 – Маззин (Мартинес, Габорик) – 44:04, басымдықта
2:4 – Тоффоли (Пирсон, Картер) – 48:59
2:5 – Картер (Пирсон, Грин) – 54:44
2:6 – Картер – 56:29, ПВ

Қақпашылар: Кроуфорд – Куик

Серия есебі: 1:1

 

 

Видео YouTube-тегі ҰХЛ-ның ресми сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;