русский язык

Сабелья төрт ойыншыны кері қайтарды

Сабелья төрт ойыншыны кері қайтарды

Аргентина құрамасының бас бапкері Алехандро Сабелья әлем біріншілігіне баратын кеңейтілген тізімнен төрт ойыншыны алып тастады.

Сабельяның шешімімен аталмыш додаға қорғаушылар Лисандро Эсекель Лопес («Хетафе», Испания) және Габриэль Меркадо («Ривер Плейт»), жартылай қорғаушы Фабиан Ринаудо («Катания», Италия), сондай-ақ, шабуылшы Франки ди Санто («Вердер», Германия) бармайды.

Енді тізімде 26 футболшы қалды. Ал Бразилиядағы әлемдік турнирге 23 ойыншы аттанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;