русский язык
Бокс

Гари Шоу: «Гил Головкинді ұпай санымен жеңуі мүмкін»

Гари Шоу: «Гил Головкинді ұпай санымен жеңуі мүмкін»

Австралиялық боксшы Дэниэл Гилдың (30-2, 16 КО) промоутері Гари Шоу, шәкіртінің WBA/IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (29-0, 26 КО) ұтуға шамасы жететінін айтты.  

«Гил Головкинге қарсы кездескісі келеді. Оның шаршы алаңдағы стилі Головкинді ұтуға жеткілікті. Иә, жекпе-жек тартысты болатыны анық. Головкиннің соққылары мықты, бірақ Дэниэлдің жылдамдығы жақсы. Егерде, ол джеб соққыларын жиі жасаса ұпай санымен жеңуі әбден мүмкін»,- деді Шоу шетел басылымдарына. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;