русский язык
Футбол

Арменияның қаһарманы. Вардан Минасян

Арменияның қаһарманы. Вардан Минасян

Осыдан жеті жыл бұрын Армения ұлттық құрамасы Вардан Минасянның бапкерлігімен өз алаңында Қазақстан құрамасынан ұтылған болатын. Сол уақыттан бері армениялықтар Еуро-2012 мен ӘЧ-2014 ақтық кезеңіне шығуға бір табан жақын қалды. Жуырда, команданы осы жетістіктерге жеткізген армениялық жас маман Вардан Минасян «Тобылдың» тізгінін ұстады.

Кәсіпқой футболшы ретінде

Минасян футболдық мансабын небәрі 31 жасында аяқтады. Дегенмен, оның карьерасы өте қызықты өрбіді. Вардан Армения премьер-лигасының командаларында ойнаған. «Киликия» сапында (ескі есімі – «Пюник») бірнеше рет ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, Минасян швейцария Суперлигасында ойнап үлгерген. Тіпті «Лозаннамен» бірге ел кубогын жеңіп алды. Кейін, питерлік «Локомотив» сапында екі жыл өткізді. Осылайша, Вардан Размикович кәсіпқой футболшы ретінде үш рет Армения чемпионы атанып, бір рет кубок және суперкубокты ұтты. Бұдан өзге, 2001-ші жылы Армения чемпионатының үздік ойыншысы болып танылды. Бұған қоса, Швейцария кубогының жеңімпазы.  

Минасян "Сантьяго Бернабеу" стадионында

Бапкерлік табыстары

Негізі ол бапкерлік мансабын 2004-ші жылы Армения жастар құрамасында бастаған. Армения ұлттық құрамасының уақытша бас бапкері қызметін 2007-ші жылы атқарған кезде Қазақстанға есе жіберді. Артынша, қызметінен кетіп «Пюник» футбол клубында жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Армения құрамасының сол кездегі бас бапкері Ян Портерфилд пен Том Джонсонның көмекшісі болды. Алайда, өкінішке қарай 2007-ші жылдың қыркүйек айында Портерфилд өмірден озды. 2008-ші жылы ұлттық құраманың бас бапкері болып даниялық маман Ян Поульсен тағайындалды. Минасян болса сол баяғы көмекші қызметін атқарды. Бірақ, бір жылдан кейін сәтсіз нәтижелері үшін Поульсенді жұмыстан босатты да, уақытша бас бапкері қызметіне қайта Минасян кірісті. 

Вардан Размикович Армения ЕУРО-2012 қарсаңында құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Өзіне берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, Минасян тәжірибелі және жас талантты ойыншыларды ұлттық құрамаға шақыра бастады. Минасянның қол астында Армения құрамасы іріктеу плей-офф кезеңіне шыға жаздады. Ирландия құрамасынан 2:1 есебімен ұтылмаған жағдайда кім біледі не боларын. Армения құрамасы әлем рейтингінде жүзінші сатыдан елуіншіге дейін көтерілді.

Вардан Маркос Пизеллиге қолдау көрсетуде

Соңғы іріктеу кезеңінде армяндардың жеңістері кездейсоқ емес екені түсінікті болды. Юра Мовсисян, Генрих Мхитарян, Араз Озбилис секілді мықты ойыншылар қалыптаса бастады. Минасян жас бапкер болғанымен оның қол жеткізген жеңістеріне тек қол шапалақтауға болады. Бұған қоса, былтыр өткізілген жолдастық кездесуде армяндар Қазақстан құрамасын 3:0  есебімен жеңген болатын. Ілгерілеу деп осыны айт.   

Минасянның қол астында Армения құрамасы өз тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Жаңа сынақ

Сырт алаңда Дания, Чехия мен Словактарды тізе бүктіріп Италия құрамасымен тең ойнаған бапкер Қазақстанда жұмыс істеу үшін келді. Ресейлік БАҚ Минасянның «Рубин» немесе «Кубань» сияқты клубты жаттықтыруға лайық екенін айтты. Осының бәрі армениялық жас маманның беделді бапкер екенін көрсетеді. Тағы бір айта кетер жайт, ол оның ұлттық құрама сапындағы үлкен жеңістері.

Былтырғы маусымда қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Геворг Газарянмен болған әңгімесінде, ол қазақстандық командалар Минасянды шақырса, олар өкінбейтінін айтқан болатын.

Жанкүйерлер жуырда «Тобылдан» кеткен Сергей Масленов әлсіз бапкер екеніне көз жетті. Осыдан үш жыл бұрын чемпиондыққа таласып жүрген «Тобылға» Минасянның келуі дұрыс шешім сияқты.    

Алғашқы ойындардағы жеңілістеріне оны кінәләу дұрыс емес. Маусымға дайындықты өткізген ол емес, ойыншыларды таңдаған бұрынғы бапкер. Қазірде, оның басты мақсаты ойыншылардың рухын көтеріп, өз-өздеріне сенімділікті арттыру.

Қостанайлық "Тобылдың" жаңа бас бапкері Минасян

Минасянның «Тобыл» бас бапкері ретіндегі сұхбаты:

Факторлар мәселесі

– Қазір бірдеңені өзгерту мүмкін емес. Трансферлік маусымаралықты күтуіміз керек. Төрт ойын өткіздік. Кейбір позицияларға ойыншылар қажет.  

Стиль жайлы

– Менің философиям осындай – шабуыл мен қорғаныс біркелкі ойнауы керек. Барлық футболшыларымыз қорғаныс пен шабуылды үйлестіру білуі қажет. Жиі пас алмасқан ойынды жақсы көрем.

Клуб пен ұлттық құрама жайлы

– Клубпен ұлттық құрамада жұмыс істеген бірдей емес. Мен төрт жылы бойы ұлттық құрамамен жұмыс істедім. Бұл тұрғыда ең маңыздысы – ол уақыт. Бірақ, уақыт аз. Бапкер тек ойыншыларды таңдап, психологиялық тұрғыда көмек бере алады. Небәрі үш-төрт күн ғана беріледі. Екі жұмыстың да спецификасы әртүрлі. Ұлттық құрамамен салыстырғанда клубта жұмыс күнде жүргізіледі. Ұлттық құрамада ондай жоқ. Бір қате – бәрін құртуы мүмкін. 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;