русский язык
Хоккей

Хоккейден ӘЧ-2014. Белорусь құрамасы латвиялықтарды тізе бүктірді, ал швециялықтар Италиядан басым түсті

Хоккейден ӘЧ-2014. Белорусь құрамасы латвиялықтарды тізе бүктірді, ал швециялықтар Италиядан басым түсті

Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында Белорусь құрамасы Латвияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ал Швеция италиялықтарды тас-талқан етті.

Белорусь құрамасының ойыншылары 9-минутқа дейін Латвия қақпасына екі қауіпті шабуыл жасап, екі шайба айырмашылығымен басымдыққа ие болды. Бұған латвиялық хоккейшілер екінші кезеңде жауап берді. Айдында екі ойыншы басымдығына ие болған олар Артурс Кулданың көмегімен есеп айырмасын қысқартты.

Матчтың соңы қарбаласқа ұласты. Латвиялықтар екі рет басымдықта ойнады. Алайда Белорусь командасы шайба салып үлгерді, бірақ төрешілер оны есепке алмады. Ал сирена естілгенше Сергей Костицын Латвияның бос қақпасын дәл көздеп, ойынның нүктесін қойды – 3:1. Белорусь құрамасы 12 ұпай жинап,  плей-оффқа шығып қойды.

 

Латвия – Белорусь 1:3 (0:2, 1:0, 0:1)

0:1 – Плэтт (Граборенко, Стась) – 08:07
0:2 – Грабовский (Калюжный, Коробов) – 08:40
1:2 – Кулда (Ниживий) – 33:49, басымдықта
1:3 – Костицын – 59:59, ПВ

Қақпашылар: Масальскис – Лаланд


 

Италия құрамасы қазіргі әлем чемпионы Швецияға ірі есеппен жол беріп, жоғары дивизионмен қош айтысты.

 

Италия – Швеция 1:5 (1:2, 0:2, 0:1)

0:1 – Нюквист (Класен) – 00:48
1:1 – Гандер (Феличетти, Тудин) – 10:07
1:2 – Экхольм (Класен) – 16:32, басымдықта
1:3 – Нюквист (Даниэльссон, Класен) – 34:24, басымдықта
1:4 – Даниэльссон (Экхольм, Класен) – 37:53, басымдықта
1:5 – Эрикссон (Нюгрен, Меллер) – 55:55, басымдықта

Қақпашылар: Беллиссимо – Эрикссон

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;