русский язык
Футбол

Луи ван Гал - МЮ-дің жаңа бас бапкері

Луи ван Гал - МЮ-дің жаңа бас бапкері

62 жастағы голландиялық белгілі маман Луи ван Гал «Манчестер Юнайтедтің» тізгінін ұстады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Сондай-ақ, үлкен спортпен қош айтысқан Райан Гиггз ван Галдың көмекшісі қызметін атқарады.

«Ван Гаал  - әлемдегі ең мықты бапкерлердің бірі. Көп турнирлерде топ жарған білікті маман. Оның қол астында «Манчестер Юнайтед» үлкен жеңістерге жететіне сенімдімін», - деді ағылшындық клубтың директоры Эд Вудворд. 

Естеріңізге сала кетсек, ван Гал бұған дейін «АЗ», «Аякс», «Барселона» мен «Бавария» секілді командаларды жаттықтырған. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;