русский язык
Бокс

Боксшыларымыз Коротков турнирінен жүлделі оралды

Боксшыларымыз Коротков турнирінен жүлделі оралды

Бокстан Ресейдің Хабаровск қаласында Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде жерлестеріміз 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медальдар жиынтығын қоржынға салды.

Ақтық сынға дейін алты боксшымыз қарсылас шыдатпады. Ал финалда төрт былғары қолғап шеберіміз сүрінді. Алтыннан алқа таққандар қатарынан 75 келі салмақ дәрежесінде Жәнібек Әлімханұлы және 91 келіде Нұржан Бекзатов болса, 49 келіде Жомарт Ержан 64 келі салмақта Айдар Әмірзақов, 81 келіде өнер көрсеткен Дәурен Елеусінов, 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әділет Құрметов күміспен күптелді. Қола жүлдені 56 келіде Ержан Ордабаев, 69 келідеСағадат Рахманқұлов және 91 келі салмақта Антон Пинчук иеленді.

Жалпы командалық есепте Ресей бірінші орынға ие болды. Екінші орынды еліміздің былғары қолғап шеберлері иеленсе, үздік үштікті Әзірбайжан құрамасы қорытындылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;