русский язык
Бокс

Бокс. Дычко Ташкентте топ жарды

Бокс. Дычко Ташкентте топ жарды

Ташкент қаласында Өзбекстанның құрметті жаттықтырушысы Сидней Жаксонды еске алуға орай ұйымдастырылған додада Қазақстандық ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері Иван Дычко қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды kfb.kz.

 

Ақтық кездесуде Дычко Өзбекстан құрамасының номері бірінші боксшысы Мирзохиджон Абдуллаев тізе бүктірді. Екі төреші қазақстандық боксшы жеңді деп санаса, біреуі өзбекстандық жеңіске лайық деп санады.

Аталмыш жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркия, Иран, Қытай және Түркменстаннан барлығы 150 былғары қолғап шебері қатысты.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;