русский язык
Велоспорт

Ару «Джиро д'Италияның» тоғызыншы кезеңінен кейін алтыншы орында

Ару «Джиро д'Италияның» тоғызыншы кезеңінен кейін алтыншы орында

18 мамырда «Джиро д'Италия» көпкүндігінің тоғызыншы кезеңі аяқталды. Велошабандоздар Луго – Сестола арасындағы 172 шақырымды басып өтті.

Мәреге жақындаған тұста спортшыларды екінші категориялық биіктік күтіп тұрды, сондықтан біреуінің от бойы оза шауып, алға шығып кетуі мүмкін еді. Бірінші орынға  Orica GreenEDGE командасындағы голландиядық Питер Веенинг пен Europcar өкілі италиялық Давид Малакарне таласты. Бұл дуэльде Веенинг жеңімпаз болып шықты. Ал үшінші боп мәрі сызығын AG2R La Mondiale клубындағы италиялық Доменико Поццовиво кесті. Ол жеңімпаздан 42 секундқа  қалып қойды.

Жалпы есепте көш басында BMC Racing-тегі аустаралиялқ Кэдел Эванс келеді. Екінші орында Omega Pharma – Quickstep сапындағы колумбиялық Ригоберто Уран тұр. Ал үздік үштікті Tikkoff Saxo командасындағы польшалық шабандоз Рафал Майка түйіндеді.

«Астанада» ең жақсы нәтиже көрсетіп жүрген италиялық Фабио Ару алтыншы сатыға түсті, алайда көшбасшыдан әлі де 1 минут және 39 секунд қалып келеді. 

«Джиро д'Италия» велододасы. Жалпы есеп. 9-кезеңнен кейінгі жағдай

1. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – 38:49:34

2. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 0:57

3. Рафал Майка (Польша, Tikkoff Saxo) – + 1:10

4. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 1:20

5. Стив Морабито (Швейцария, BMC Racing) – + 1:31

6. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 1:39

42. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 18:37

44. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 22:20

56. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 31:23

68. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 39:13

120. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 1:06:22

129. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 1:11:12

140. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 1:18:22

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;