русский язык
Футбол

«Ақтөбе» «Шахтерды» жермен-жексен етті

«Ақтөбе» «Шахтерды» жермен-жексен етті

Қазақстан Премьер-Лигасының 12-ші туры аясында өткен матчта «Ақтөбе» қарағандылық «Шахтердың» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

 

Ұлттық құраманың бапкері Юрий Красножан қатысқан бұл матч қызықты өтуі тиіс еді. Алғашқы тайм қос ұжымның бірін-бір торуылдаумен басталды. Алдымен Гейнрих Мокинды тексерсе, жауап ретінде  «Шахтер» ойыншылары Сидельниковтың қақпасының алдын қауіп төндірді. Алғашқы жарты сағат екі жақтың алма-кезек шабуылдарымен өтті. 31-ші минутта «Ақтөбе» ойыншылары қарымта шабуылда сәтті ойнай білді. Сидельников ойынға қосқан доп Неконың аяғынан табылып, Данило Мокиннен айласын асырды.   Осылайша бірінші тайм өз мәресіне жетті.

 

Екінші кезең Никитенко шәкірттерінің шабуылымен басталды. Ойынның 66-шы минутында Мирошниченко допты қақпаның алыс бұрышына бағыттады, Мокин әлсіз. Көзді ашып-жұмғанша Гейнрих есепті 3:0-ге жеткізді. 68-ші  минутта Александр Гейнрих сол қанаттан сытылып өтіп, Мокиннен айласын асырды. «Шахтер» ойыншысы Финончинко мүмкіндігін сәтті пайдала алмады. Айыпдобын әдемі орындағанымен Сидельников өз орнынан табыла білді. Матч соңында Гейнрих ортадан армениялық Пиззелиге пас шығарып берді, Маркос өз кезегінде Мокинге мүмкіндік қалдырмады. 

 

Осылайша «Ақтөбе» турнир кестесінде 29 ұпаймен жеке дара көш бастап, ат ізін салмай кетті. 

 

«Ақтөбе»(Ақтөбе) - «Шахтер»(Қарағанды) 4:0

 Голдар: Данило Неко 31’, Дмитрий Мирошниченко 66’, Александр Гейнрих 68’, Маркос Пиззели 87’

Төрешілер: Айдын Рахымбаев, Алексей Шабанов (Алматы), Самат Шәріпов (Атырау) 

Инспектор: Болатбек Жуасбаев (Астана)

«Ақтөбе»: Сидельников, Бадло, Мирошниченко, Арзуманян, Мулдаров, Коробкин, Неко, Хайруллин, Шабалин, Гейнрих, Зенькович

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Конысбаев, Финончинко, Вичус, Байжанов, Лунин, Мурзоев

18.05.2014. Ақтөбе. ОДЮШОР №8

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;