русский язык
Футбол

«Ертіс» өз алаңында «Спартакты» тас-талқан етті

«Ертіс» өз алаңында «Спартакты» тас-талқан етті
Керекулік команда өз алаңында «Спартак» қақпасына бес жауапсыз гол соғып, жанкүйерлерін қуантты.
 

Алғашқы таймның өзінде «Ертіс» ойыншылары «Спартак»қақпасын қорғаған Рихардты төрт мәрте өапы қалдырды. Алдымен 14-ші минутта Игорь Юрин есеті ашса, 21-ші минутта Игорь Юриннің пасынан Константин Дудченко есепті 2:0-ге жеткізді. 37-ші минутта  Максим Азовский тәртіп бұзып, семейлік команданың қақпасына 11 метрлік айыпдобы қойылды. Антон Чичулин өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Бірінші таймның соңында Әлібек Аяғанов ақ-қызылдардың» қақпасына төртінші голды соқты. Матч аяғында 90-ші минутта Захар Коробов соңғы нүктені қойды. Есеп 5:0.

 

«Ертіс» (Павлодар) – «Спартак» (Семей) 5:0 (4:0)

Голдар: 1:0 – Юрин (14), 2:0 – Дудченко (21), 3:0 – Чичулин (38, пенальтиден), 4:0 – Аяғанов (41), 5:0 – Коробов (90)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;