русский язык
Футбол

«Барселона» Мартиноны жұмыстан босатты

«Барселона» Мартиноны жұмыстан босатты

Аргентиналық маман каталондық клубта бір маусым ғана жұмыс істеді.

Мартино «блаугранас» сапында бір ғана трофейге қол жеткізді – ол Испания суперкубогы. Дегенмен, кеше Испания чемпионатының чемпиондық матчында оның командасы «Атлетиконы» ұта алмады.  

«Барселона секілді клубта жұмыс істеу мен үшін үлкен құрмет. Команда басшылығымен келісімшартты бұзу туралы шешімге келдік. «Барселонаның» жеңістері әлі алда екеніне сенімдімін»,- деді Мартино клубтың ресми сайтына.

Сондай-ақ, «Барселона» жақын арада «Сельтаның» бұрынғы бас бапкері Луис Энрике жаттықтыруы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;