русский язык
Футбол

«Атлетико» – Испания чемпионы

«Атлетико» – Испания чемпионы

Футболдан Испания біріншілігінің соңғы турында ел чемпионы анықталды.

«Барселона» «Камп Ноу» стадионында мадридтік «Атлетиконы» қабылдады. Чемпиондық матчта бірінші болып есепті Алексис Санчес ашты. Артынша, «Атлетико» қорғаушысы Диего Годин бұрыштамадан есепті теңестірді. Осылайша, «Атлетико» маңызды ұпайға қол жеткізіп ел чемпионатын жеңді. «Барселона» болса үш ұпайға аз жинап екінші сатыда орналасты. «Реал Мадрид» үздік үштікті қорытындылады. 

 

«Барселона» (Барселона) – «Атлетико» (Мадрид) 1:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Санчес (34), 1:1 – Годин (49).

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;