русский язык
Футбол

Боливия президенті футболшы атанбақ

Боливия президенті футболшы атанбақ

Боливияның президенті Эво Моралес жергілікті біріншілікте ойнайтын «Спорт Бойз» кәсіпқой футбол клубымен келісім‑шартқа отырды, деп хабарлайды eurosport.ru.

Моралес алаңда жартылай қорғаушының рөлін атқарады. Келісім бойынша, Боливия президенті клубта айына 213 доллар алады екен. Бұл айлық мемлекетте тіркелген ең төмен жалақының мөлшері болып саналады. 54 жастағы саясаткер командадағы алғашқы матчын тамызда өткізеді деп күтілуде. Клубта ол оныншы нөмірмен өнер көрсетеді. «Спорт Бойз» президенті Марио Кроненболдтың айтуынша, Моралес футбол десе ішкен асын жерге қояды және өте жақсы ойнайды. Сонымен қатар, ол президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты барлық матчқа қатыспайтынын айтты. 

«Спорт Бойз» бүгінде Боливия біріншілігінің жоғары дивизионында өнер көрсетіп жатыр. Ал Моралес ел президенті болып  2006 жылы тағайындалған болатын. 2009 жылы өткен сайлауда тағы да жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;