русский язык
Велоспорт

«Джиро д'Италияның» жетінші күнінен кейін Ару сегізінші сатысында қалды

«Джиро д'Италияның» жетінші күнінен кейін Ару сегізінші сатысында қалды

16 мамырда Фрозиноне – Монтекассино арасында жалғасқан «Джиро д'Италияның» жетінші кезеңі аяқталды. Бұл күнде велошабандоздар 211 шақырымды басып өтті.

Топтық спринтте «Джироның» екінші кезеңінде жеңіске жеткен FDJ.fr командасының франциялық өкілі Нассер Буани оза шапты. Trek Factory-дің намысын қорғайтын италиян Джакомо Ниццоло екінші келсе, Giant-Shimano-дағы словениялық Лука Мезгец мәре сызығын үшінші боп кесті.

Жалпы есепте өзгеріс орын алған жоқ. Көш басында Orica GreenEDGE командасындағы австралиялық Майкл Мэтьюз қалды. «Астана» сапынан үздік нәтиже көрсетіп жүрген италиялық Фабио Ару сегізінші орнын сақтап қалды.

«Джиро д'Италия» велододасы. Жалпы есеп. 7-кезеңнен кейінгі жағдай

1. Майкл Мэтьюз (Австралия, Orica GreenEDGE) – 29:34:19

2. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 0:21

3. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 1:18

4. Рафал Майка (Польша, Tikkoff Saxo) – + 1:25

5. Стив Морабито (Швейцария, BMC Racing) – + 1:25

6. Маттео Работтини (Италия, Neri Sottoli) – + 1:25

8. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 1:51

17. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 2:28

61. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 10:51

87. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 17:36

112. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 22:21

113. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 22:21

118. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 23:11

171. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 37:24

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;