русский язык

Капелло Ресейдің кеңейтілген құрамын жариялады

Капелло Ресейдің кеңейтілген құрамын жариялады

Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне дайындық жұмыстарына шақырылған кеңейтілген құрамды жариялады, деп хабарлайды РФС-тің ресми сайты.

Тізімге 25 футболшы кірген:

Қақпашылар: Игорь Акинфеев (ЦСКА, Мәскеу), Юрий Лодыгин («Зенит», Санкт-Петербург), Сергей Рыжиков («Рубин», Қазан).

Қорғаушылар: Василий Березуцкий, Сергей Игнашевич, Георгий Щенников (бәрі де ЦСКА, Мәскеу), Владимир Гранат, Алексей Козлов (екеуі де «Динамо», Мәскеу), Андрей Ещенко («Анжи», Махачкала), Дмитрий Комбаров («Спартак», Мәскеу), Андрей Семенов («Терек», Грозный).

Жартылай қорғаушылар: Игорь Денисов («Динамо», Мәскеу), Алан Дзагоев (ЦСКА, Мәскеу), Роман Широков («Краснодар»), Денис Глушаков («Спартак», Мәскеу), Павел Могилевец  («Рубин», Қазан), Виктор Файзулин, Олег Шатов (екеуі де «Зенит», Санкт-Петербург).

Шабуылшылар: Юрий Жирков, Алексей Ионов, Александр Кокорин (бәрі де «Динамо», Мәскеу), Максим Канунников («Амкар», Пермь), Александр Кержаков («Зенит», Санкт-Петербург), Александр Самедов («Локомотив», Мәскеу), Денис Черышев («Севилья», Испания).

 

Қосалқы құрамда қорғаушылар Александр Анюков («Зенит», Санкт-Петербург) пен Алексей Березуцкий, «Краснодарда» ойнайтын жартылай қорғаушы Юрий Газинский, сонымен қатар, шабуылшылар «Анжидегі» Владимир Быстров және «Ростовтың» намысын қорғайтын Артем Дзюба бар.

Бразилияға аттанбас бұрын Ресей құрамасы ұщ жолдастық кездесу өткізеді: 26 мамырда Санкт-Петербургта Словакиямен, 31 мамырда Ослода Норвегиямен және 6 шілде күні Мәскеуде Мароккомен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;