русский язык
Бокс

Хабаровскіде өтіп жатқан бокс турнирі. Бес боксшымыз финалда

Хабаровскіде өтіп жатқан бокс турнирі. Бес боксшымыз финалда

Хабаровскіде өтіп жатқан Константин Коротковты еске алу турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды confederation.kz.

Бес бірдей отандасымыз аталмыш сайыстың ақтық мәресіне жолдама алды. Жартылай финалдық кездесулерде Жомарт Ержан (49 келіге дейін) индонезиялық Вангулангу Корнелиусты төрешілер шешіімен жеңді, Әділет Құрметов (52 келіге дейін) Солтүстік Кореяның өкілі Хук Чун Кимнан басым түсті, ал Дәурен Елеусінов (81 келіге дейін) әзірбайжандық Рауф Рагимовты тізе бүктірді. Айдар Әмірзақов (64 келіге дейін) оңтүстік кореялық Бьюн Квук Окты техникалық накаутпен жеңді, ал әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін) тәжік Хаум Азизовты жарыстан қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;