русский язык
Футбол

Алматылық «Қайрат» ширек финалда

Алматылық «Қайрат» ширек финалда

Ел Кубогының 1/8 финалында алматылық «Қайрат» төменгі дивизионда өнер көрсететін «Гефестті» қабылдады.

Ойынның жиырмасыншы минутында Бауыржан Исламханның пасынан кейін Момоду Сисей қонақтар қақпасынан саңлау таба алды. 38-минутта Едигарян күтпеген жерден соққы бағыттап, Руминас қақпасына командасының екінші голын соқты. Екінші тайм қонақтар үшін сәтті басталды. 53-минутта Марлан Мұжықов есеп айырмасын қысқартты. 79-минутта Ермек Қуантаев гол соғып, жанкүйерлерінің көзайымына айналды.

«Қайрат» ‑ «Гефест» 3:1 (2:0)

Голдар: 1:0 – Сисей (15), 2:0 – Едигарян (38), 2:1 – Мұжықов (53), 3:1 – Қуантаев (79)

«Қайрат»: Ткачук, Гурман, Кислицын, Қуантаев (Тәңірбергенов 89), Сымақов (К), Исламхан (Бауыржан 81), Бақаев, Дарабаев (Нехтий 68), Лачны, Едигарян, Сисей.

 «Гефест»: Руминас, Щеткин (К), Әлиев, Карпов, Холджаев, Бернацкий (Дубнов 66), Нөкебаев, Мұжықов, Әбіләкімов, Антоненко (Тәттібаев 60), Нохрин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;