русский язык
Футбол

«Ақтөбе» Қызылордада жеңіске жетті

«Ақтөбе» Қызылордада жеңіске жетті

Ел Кубогының 1/8 финалының кезекті матчында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында ел чемпиондары «Ақтөбеден» жеңілді.

Кездесудің алғашқы таймында жанкүйерлер гол көре қойған жоқ. Алайда үзілістен кейін батысқазақстандықтар алаң иелеріне ойынды құтқаратын мүмкіндік қалдырмады. Алдымен былтыр сұрмерген атанған Игор Зенькович өз командасын алға шығарса, кейін жас хавбек Абат Айымбетов басымдықты ұлғайтты. Ойынның тағдыры шешілген тұста Валерий Коробкин көзге түсті.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:3 (0:0)

Голдар: 0:1 – Зенькович (56), 0:2 – Айымбетов (59), 0:3 – Коробкин (85).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;