«Ертіс» ел Кубогының келесі кезеңінде
![«Ертіс» ел Кубогының келесі кезеңінде](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1400077028_988192667.jpg?v=28696048)
Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Кубогының 1/8 финалында петропавлдық «Кызылжарды» тізе бүктірді. Деңгейлері әр түрлі ұжымның теке-тіресінде тартыс соңғы минутқа дейін жалғасты.
Бірінші таймда павлодарлықтар Игор Бурзановичтің дубльі арқасында басымдыққа ие болды. Алайда қонақтар ойынның тағдыры әлі шешілмегенін 60-минутта дәлелдеді. Руслан Кенетаев алаң иелерінің қақпасынан саңлау таба алды. Десек те, соңғы сөз «Ертіс» ойыншыларында қалды. Миллер қақпасына Виталий Головешкин үшінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.
«Ертіс» (Павлодар) – «Қызылжар» (Петропавл) 3:1 (2:0)
Голдар: 1:0 – Бурзанович (27), 2:0 – Бурзанович (32), 2:1 – Кенетаев (60), 3:1 – Головешкин (90).