русский язык
Бокс

Бокстан Қазақстан құрамасы Коротков атындағы турнирге аттанды

Бокстан Қазақстан құрамасы Коротков атындағы турнирге аттанды

Мамыр айында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бірқатар халықаралық турнирлерге қатысады.

Ұлттық құраманың бас бапкер Мырзағали Айтжанов мамырдың 13-і мен 18-і аралығында өтетін Кеңес Одағының батыры Константин Коротков атындағы турнирде өнер көрсететін боксшылардың тізімін жариялады. Бұл сында Жомарт Ержан, Әділет Құрметов, Ержан Ордабаев, Дархан Жұмсақбаев, Айдар Әмірзақов қолғап түйістіреді, сондай-ақ Сағадат Рахманқұлов, Жәнібек Әлімханұлы, Дәурен Елеусінов, Антон Пинчук пен Нұржан Бекзатов та ел намысын қорғайтын болады. Бұл сында 49 келіде Жомарт Ержан, 52 келі салмақта Әділет Құрметов , 56 келі салмақ дәрежесінде Ержан Ордабаев қолғап түйістірсе, 60 келіде Дархан Жұмсақбаев бақ сынайды. Ал 64 келі салмақта - Айдар Әмірзақов және 69 келі дәрежесінде Сағадат Рахманқұлов шаршы алаңға шығады. Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 75 келі салмақта сынға түссе, 81, 91 және аса ауыр салмақта Дәурен Елеусінов, бокстан Азия чемпионы Антон Пинчук пен Нұржан Бекзатов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;