русский язык
Бокс

Дэниэл Гил Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

Дэниэл Гил Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

24-ші мамыр күні АҚШ-та жоспарланған 33-жастағы австралиялық Дэниэл Гил мен 31-жастағы ирландиялық Мэттью Маклин арасындағы жекпе-жек өткізілмейтін болды. Бұған себеп бокс кешенің басты кездесуі Перес-Дженнингс жекпе-жек алдындағы кубалық боксшының алған жарақаты. 

Осылайша, енді Гилдің менеджері Билл Триси қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырмақ. Головкиннің командасы ұзақ уақыт бойы Хулио Сезар Чавестің шешімін күткен болатын, алайда мексикалық боксшы кездесуден бас тартты. Дегенмен, Том Леффлер шілде айына жоспарланған кездесуге басқа қарсыласты іздейтінін айтқан.

«Гил-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру үшін Головкин және HBO-мен келісімдер жүргізудеміз, — деді Билла Триси BoxingScene. сайтына — Бізбен Штурм хабарласқан болатын, алайда олар Гилмен жекпе-жекті жылдың соңында өткізгісі келеді, біз оған дейін күте алмаймыз. Оданша Головкинмен жекпе-жекті ұйымдастыруға тырысамыз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;