русский язык
Футбол

Футбол матчында 15 адам қайтыс болды

Футбол матчында 15 адам қайтыс болды

Қақтығыс Конго астанасы Киншасе қаласында болған. 15 адам көз жұмып, тағы 21 көрермен аурухана көмегіне жүгінді.

 

Жергілікті «Вита» мен «Мазембе» командасы арасындағы кездесу барысында жанкүйерлердің тәртіпсіздігі кесірінен бас төреші ойынды бірнеше мәрте тоқтатуға мәжбүр болды. Қызуқанды  фанаттар алаңға тастар мен түрлі қауіп төндіретін заттар лақтырған.

 

Тәртіпсіздіктің алдын алу үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. Сақшылардың бұл әрекетініен сескенген көрермендер алаңнан шығуға асықты. Осы сәтте қалың жанкүйердің салмағын көтере алмаған стадионның қабырғасы құлады. Қайғылы оқиғаның кесірінен 15 адам көз жұмып, тағы 21 көрермен ауруханаға жеткізілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;