русский язык
Футбол

Рио Фердинанд «МЮ»-дан кетті

Рио Фердинанд «МЮ»-дан кетті

«Қызыл сойқандардың» сапында қатарынан он екі жыл өнер көрсеткен Рио Фердинанд клубтан кететінін айтты. 

«Манчестер Юнайтед» Рио Фердинандты 2002-жылы 30 миллион фунт стерлингке «Лидстан» сатып алған болатын. Дегенмен, 35 жастағы қорғаушы манчестерлік клубпен қоштасатын уақыт келгенін мәлім етті. 

«МЮ-ға кубоктарды ұту үшін келгенмін. Менің аңсаған арманымның бәрі орындалды. МЮ сапында көп жарыстар бойы тамаша өнер көрсеттім. Осында өткізген 12 жыл үшін клубыма үлкен рахмет айтамын», - деді Фердинанд МЮ-дің ресми сайтына. 

Рио МЮ сапында алты рет Англия чемпионы, екі мәрте Англия лигасының кубогын, Англия суперкубогын және Чемпиондар Лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;