русский язык

Жас палуандарымыз Тайландта топ жарды

Жас палуандарымыз Тайландта топ жарды
Күрес түрлері бойынша Тайландтың Бангкок қаласында кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 

Жастарымыз төрт алтын, алты күміс және алты қола медаль еншілеп 5 Олимпиадалық жолдама ұтты.

Мұхамбет Қуатбек (54 келі, еркін күрес) (суретте), Евгений Поливадов (69 келі, грек-рим күресі) және Ирина Капитанова (65 келі) құрлық біріншілігінің чемпионы атанды. Ал Мерей Дүйсенова (70 келі) күміс жүлде иеленсе,Алтынай Сатылған (60 келі), Сейдахмет Дүйсенов (76 келі, грек-рим күресі) және Антон Савенколар (100 келі, грек-рим күресі) қола жүлде жеңіп алды.

Алматының әуежайында бүгін оларды ана-аналары, туған-туысқандары мен бір топ журналистер қарсы алды. Еркін күрес бойынша ең жеңіл салмақта топ жарған Мұхамбет Қуатбек сары құрлықтағы бәсі биік турнирден алған әсерімен бөлісті:

- Жарыс жолында Тайланд, Қытай, Жапон елінің спортшыларымен өткен белдесулер қиын болды. Құдайға күкір, мінекей алтыннан алқа тақтық. Енді алдағы жастар Олимпиадасына дайындаламыз. Ол жақта қарсыластар оңай болмасы анық. Дегенмен жастар Олимпиадасының жеңімпазы атану – менің қазіргі арманым.

Естеріңізге сала кетсек, Кадеттер арасындағы Азия чемпионаты Тайландта сәуірдің 8-і мен 11-і аралығында өткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;