русский язык

«Челси» ойыншысы өз қаржысына мешіт тұрғызды

«Челси» ойыншысы өз қаржысына мешіт тұрғызды

Ағылшындық премьер лигада ойын көрсететін «Челси» клубының шабуылшысы және Сенегал ұлттық құрамасының белді ойыншысы ата-бабасының кіндік қаны тамған атамекеніне құлшылық ордасын тұрғызып берді.

Дунду қаласында бой көтерген жаңа мешіттің атауы да ерекше – «Насраллах». Араб тілінен аударғанда «Алла көмегі» деген мағынаны білдіреді. Спорт жұлдызының жеке қаржысына тұрғызылған мешіттің ашылу рәсімі жақын аптада орын алуы мүмкін дейді сенегалдық баспасөз қызметі.

Демба Ба жастайынан дінді берік ұстанған отбасында тәрбиеленген. Баспасөз беттеріндегі сұхбаттарында ол діни сенімнің өмірінің темірқазығы екенін сан мәрте айтқан болатын. Сондай-ақ, футбол жанкүйерлеріне гол соққан сайын сәжде ететін әдетімен де әйгілі.
 

muslim.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;