KAZSport Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы қос матчты көрсетеді
KAZSport телеарнасы 14 мамыр күні Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында өтетін қос матчты көрсетуді жоспарлауда, деп хабарлайды арнаның ресми сайты.
Сәрсенбі күні өтетін «Қайрат» пен «Гефест» кездесуін тікелей эфирде көрсетпек. Көрсетілімнің басталу уақыты 18:50. Ойын Алматы қаласынының «Орталық» стадионында өтеді.
Елордалық қос ұжым «Астана» мен «Астана-1964» арасындағы ойын жазылып алынып, 21:00-де эфирде көсетеді.