русский язык

Ходжсон Эшли Коулды әлем чемпионатына алмады

Ходжсон Эшли Коулды әлем чемпионатына алмады
Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон «Челсидің» қорғаушысы Эшли Коулды әлем чемпионатына алмайтынын айтты. 
 
Осылайша, Эшли Коулдың Англия құрамасы сапындағы мансабын аяқталды деп айтуға болады, деп хабарлайды The Telegraph.  
 
Рой Ходжсон Эшлимен хабарласып оны әлем чемпионатына шақырмайтынын жеткізді. Бразилияда өтетін әлем чемпионатында оның орнына «Саутгемптонның» қорғаушысы Люк Шоу өнер көрсетпек. Естеріңізге сала кетсек, Рой Ходжсон ертең ресми түрде әлем чемпионатына аттанатын 23 футболшылардың тізімін жариялайды.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;