русский язык
Хоккей

Ари-Пекка Селин: « Бір ұпайдың өзі бізге өте қажет»

Ари-Пекка Селин: « Бір ұпайдың өзі бізге өте қажет»

 

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин Германия құрамасымен өткен кездесуден кейін кездесу туралы пікірімен бөлісті. Бапкердің айтуынша, оның шәкірттері кездесудің алғашқы және соңғы кезеңдерінде нашар ойын көрсетті.

«Германия құрамасын бұл жеңісімен құттықтаймын. Біз алғашқы кезеңде мүлдем ойынымызды көрсете алмадық. Екінші кезеңде тізгінді қолға алғандай болып едік, шешуші кезеңде да алаңнан қуылудан арыла алмадық. Бүгінгі ойында алған бір ұпай біз үшін маңызды. Қарсыластар командасы кілең жастардан тұрады, жеңіске жетулерінің бір себебі сол», деп қорытындылады Ари-Пекка Селин.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы бүгін алғашқы кездесуін Германия құрамасына қарсы өткізіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып,буллиттер сериясында жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;