русский язык

«Тараз» «Оңтүстік дерби» жеңімпазы

«Тараз» «Оңтүстік дерби» жеңімпазы

Қазақстан Премьер-Лигасының 11-ші туры аясында Тараз қаласында жергілікті команда шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады.

 

Бұл ойынның өз дәрежесі бар еді, ол -  «Оңтүстік дерби». Қос ұжым да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантқысы келді.  Есепті алғаш болып 9-шы минутта «Тараз» ойыншысы Щеткин ашты. Алексейдің тепкен добы «Ордабасы» қақпасының торында тулап жатты. Саулюс Ширмялис шәкірттері алға ұмтылғанымен, жорықтарының бәрі сәтсіз.  Қарсыластар алма-кезек шабуылдармен көзге түсті. Аалғашқы таймның соңында сол қапталдан Байтана көтерген допқа бірінші болып жеткен Воротников баспен допты қақпаға бағыттады. Есеп – 2:0. Шымкенттік команда есеңгіреп қалды.

 

Екінші тайм бірқалыпты өрбіді.  «Ордабасы» футболшылары қанша шабуылдағанымен, «Тараз» ойыншылары қорғаныста сыр бермеді. Ойнның соңғы минутында шымкенттіктер есеп айырмасын қысқартқанымен, есепті теңестіруге мүмкіндігі жетпейді  Осылайша «Оңтүстік дербиде» «Тараз» жеңімпаз болып шықты.

 

«Тараз» (Тараз) -  «Ордабасы» (Шымкент) - 2:1

Голдар: 9' Щеткин 41' Воротников

90'-

Төрешілер:  Игорь Алешин (Павлодар), Елеш Құсайынов (Астана), Сергей Васютин (Алматы) 

10.05.2014 Тараз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;