русский язык

«Қайрат» «Спартакты» жермен-жексен қылды

«Қайрат» «Спартакты» жермен-жексен қылды

Қазақстан Премьер-Лигасының 11-ші туры аясында семейлік «Спартак» пен алматылық «Қайрат» күш сынасты. Ойын барысында барлығы 7 гол соғылды.

 

Владимир Вайсс шәкірттері ысқырық шалысымен алға бар жан-тәнімен ұмтылды. Алғашқы жиырма минуттықта екі жақ алма-кезек шабуылдармен алмасты. Ойынның 21-ші минутында семейлік команданың қақпасына 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Момоду Сисей мүлт кетпеді. Таблодағы есеп ұзақ тұрмады. «Спартак»  ойыншысы Неманья допты қайшылап теуіп, Хомичке мүмкіндік қалдырмады. Артынша алматылықтар сапынан ұзын бойлы Жарко Маркович көзге түсті. Бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші болып жеткен Жарко командасын алға шығарды. Осылайша қызу толқынмен алғашқы тайм өз мәресіне жетті. 

 

Екінші тайм да алғашқысындай «Қайрат» футболшыларының басымдығмен басталды. Қонақтар алаң иелерінен бір бас жоғары екендігі көрініп тұрды. Бірақ Абай жерлестері қарсыласып бақты. 56-шы минутта Кнежевич есепті еселесе, артынша Аслан Дарабаев ардагер Рихард торуылдаған қақпаны дәл көздеді. Константин Фриденталь шәкірттерінің мүмкінідігі қалмағандай сезілді, алайда жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысып бақты. Неманья Йованович есепті 4:2-ге дейін қысқартты. 68-ші минутта «Қайраттың» қара маржаны Сисей соққан гол семейліктердің жігерлеріне құм сепкендей болды. Момоду сол қапталдан сытылып өтіп қақпаның алыс бұрыштығын тура көздеді. Осымен Вайсс шәкірттері кезекті үш ұпайды қанжығалады.

 

«Спартак» (Cемей) -  «Қайрат» (Алматы) - 2:5

Голдар: 7' Сисей пенальтиден (0-1), 20' Чович (1-1), 21' Маркович (1:2), 50' Кнежевииич (1-3), 54' Дарабаев(1-4), 61’ Неманья (2-4), 68' Cисей (2-5)

Төрешілер:  Болат Кәрлібаев (Орал), Санжар Ысқақов (Қостанай), Рустам Суюнов (Павлодар)

10.05.2014 Семей. «Спартак» 

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;