русский язык

Емельяненко Жеңіс күнінде көлігін соқты

Емельяненко Жеңіс күнінде көлігін соқты

Даңқты ресей ММА боксшысы Александр Емельяненко көлігімен жарық шамы орналасқан бағанасына соқтығысты, деп хабарлайды «Р-Спорт».

Қайғылы оқиға ресейдің Тасбов қаласында орын алған. Соқтығыстың әсерінен көлікте отырған жолаушы дене жарақатын алды.

«Жол көлік оқиғасы Мәскеу уақытымен 9-шы мамыр күні таңғы 7:45-те орын алды. Рассказов даңғыл жолымен Пенза бағытына жол тартқан Емельяненко көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Бұрылыста шам бағанасына соқтығысқан. Нәтижесінде жарық шамы орналасқан бағана құлап, көлікті басып қалды, - деп мәлімдейді аймақтың құқық қорғау органдары «Р-Спорт» агенттігіне.

Жол полициясының баспасөз-қызметі ЖКО қатысқан азамттар туралы мәлімдеме жасамады: «Opel Astra көлігінің жүргізушісі жарақат алмаған, тек жолаушы жеңіл жарақатпен ауруханаға жөнелтілдін». 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;