русский язык
Хоккей

Федор Полищук: «Антроповты капитан қылып тағайындағынымыз дұрыс шешім»

Федор Полищук: «Антроповты капитан қылып тағайындағынымыз дұрыс шешім»

Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Федор Полищук icehockey.kz тілшісіне берген сұхбатында команда капитаны дұрыс таңдалғанын айтты.

— Төрт кездесу өткізіп үшеуінде жеңілдік. Меніңше, бұл жай ғана дайындық матчтар. Маңызды ойындарымыз әлі алда. Алаңнан жиі қуылдық, соның кесірінен ұтылдық.

— Бәлкім, таза ойнау керек пе еді...

Мұқият ойнау керек еді. Ендігіде ондай қателерді жібермеуіміз қажет.

Капитанды таңдаған кім?

Бапкеріміз таңдады. Содан соң бізге айтты, ешкім қарсы болған жоқ. Менің ойымша бұл дұрыс шешім.

— Антропов — атақты хоккейші. Николай өз тәжірибесімен бөлісе ме?

Барлығымызда тәжірибе бар. Дегенмен, ол ҰХЛ-да ойнады. Сондықтан ол құрамамыздың капитаны.

Естеріңізге сала кетсек, 10-шы мамыр күні әлем чемпионаты аясында ұлттық құрамамыз Германия құрамасымен кездеседі. Бұдан өзге, жерлестеріміз – Швейцария, Ресей, Латвия, АҚШ, Беларусь және Финляндия құрамаларымен ойнайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;