русский язык
Велоспорт

Микеле Скарпони «Джиро д'Италияның» басты фавориттерінің бірі атанды

Микеле Скарпони «Джиро д'Италияның» басты фавориттерінің бірі атанды

«Астананың» велошабандозы италиялық Микеле Скарпони «Джиро д'Италия» көпкүндігінің он фаворитінің қатарына кірді.

Бұл туралы аталмыш рейтингті жасаған velolive.com сайты жариялады. Естеріңізге салсақ, Скарпони былтыр осы көпкүндікте төртінші орын алған болатын. Бірақ сол кезде ол Lampre-Merida командасының намысын қорғады. Порталдың тілшілері «Джиро д'Италияда» колумбиялық Наиро Кинтана жеңіске жетеді деп ойлайды.

Бір айта кетерлік жайт, бұл додада Скарпони команданың капитаны болады. Ал «Джиро д'Италия» 9 мамырда бастау алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;