русский язык

Алексей Ни: «Энвер Түркелери болашақ Олимпиада чемпиондарын дайындап жатыр»

Алексей Ни: «Энвер Түркелери болашақ Олимпиада чемпиондарын дайындап жатыр»

2016 жылы Рио де Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына екі жыл қалды. Дегенмен, аталмыш додаға дейін Азия ойындары мен екі әлем чемпионаты бар. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында аталған жарыстарға дайындық жоспары туралы айтып берді.

«Олимпиада чемпиондарымыз жаттыға бастағанда – қарсыластардың буындары қалтырайды»

– Бір апта бұрын Талдықорғанда ел біріншілігі аяқталды. Жетекші спортшыларымыз аталмыш жарысқа қатыспай, алдағы уақытта өтетін Азия ойындары мен Әлем чемпионатына дайындалуды жөн көрді...

– Бірден айта кетейін, аталған екі додаға ешқай спортшымыз үшін орын дайын емес. Олимпиада чемпиондары ғана болмаса. Шілденің 19-21 аралығында Алматыда олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алу турнирі өтеді. Сонда спортшыларымыз қаншалықты дайын екенін тексеріміз. Оңтүстік Кореяда өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшыларды таңдаймыз. Ал екінші топты Алматыда жоспарланған әлем чемпионатына баптаймыз.  

– Осылайша, жетекші спортшыларымыздың жартысы Азия ойындарына қатысса, қалғандары әлем чемпионатында бағын сынайды ма?

– Мүмкін. Бізге екі жарысты да ұту  керек. Басшылық алдымызға – әр жарыстан үш алтын әкелсін деген мақсат қойды. Егерде, екінші топтағы спортшыларымыз дайын болса, оларды Оңтүстік Кореяға жіберіміз, ал Олимпиада чемпиондары асықпай әлем чемпионатына дайындалады. Десек те, жастарымызды үлкен жарыстарға шығаруымыз қажет. Бәріміз де білеміз, ұлттық құрамамызда әлемнің ең үздік спортшысы бар екенін. Дегенмен, бір ғана Ильинмен алысқа кетпейсің. Алматыда өтетін әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетуіміз керек. Себебі бір жылдан кейін Хьюстонда ұлттық құрамамыз толығымен жасақталуы тиіс.

– Сіз үшін осы екі жарыстың қайсысы маңыздырақ?

– Меніңше, әлем чемпионаты Азия ойындарынан жеңілрек. Әлем біріншілігінен бізге керегі – Олимпиада ойындарының лицензиясы. Азиада – үлкен дода. Ол төрт жылда бір рет өтеді. Біз үшін бұл кішігірім Олимпиада. Бұған қоса, әлемнің ең үздік штангистері Азияда өнер көрсетеді: Қытай, Иран, Солтүстік пен Оңтүстік Корея... Алайда әлем чемпионаты өз жерімізде өтетінін ескеруіміз керек. Сондықтан, жанкүйерлер алдында бар күшімізді салып, жалпыкомандалық есепте жоғары орында тұруға тырысамыз.

– Ел чемпионатына қайта оралсақ. Жас спортшыларымыздың нәтижелеріне көңіліңіз толды ма?

– Ұлттық құраманың мүшелері 7-ші қаңтардан бері оқу-жаттығу жиынында жүр. Екінші топтағы спортшылар үйлерінде дайындалды. Осылайша, Талдықорғандағы жарыста қатысушылардың саны көп болды. Соның қорытындысы бойынша екі құрама жинақтадық – 30 спортшы (16 ер және 14 әйел. – авт.түз.). Ел біріншілігінде спортшыларымыз бар күштерін көрсеткен жоқ. Себебі алда Азия ойындары күтуде, бар өнерлерін сонда көрсетуі керек. Біздің мақсатымыз оларды Азиадаға жақсы дайындау. Сол Азия ойындары мен Әлем чемпионатында қытайлықтар психологиялық тұрғыда қысым жасайды. Мен біздің Олимпиада чемпиондарына сенімдімін. Олар керек болса, кез келгенді психологиялық тұрғыда басып тастайды. Жаттығуларын бастаған сәтте-ақ, қарсыластырдың буындары қалтырай бастайды.   

«Энвер Туркелеридің тобын «Мықты топ» дейміз»

– Барлық жаттығу процесстерін Энвер Түркелери бақылайды ма?

– Жоқ. Қазіргі таңда бәрі басқаша. Спортшыларымыз көбейіп кетті. Барлығы бір базаға сыймайды. Сондықтан ерлер мен әйелдер бөлек дайындалады. Бірінші топты – Вилорий Викторович Пак жаттықтырса, екіншісі Иван Павлович Сивохинге тапсырылған. Әрқайсысында екі көмекшіден бар. Энвердің өзінде жеке тобы бар. Құрамында 10-12 адам. Оларда жеке жаттығады. Сондай-ақ, Илья Ильиннің тобы бар, онда – Алмас Өтешев, Владимир Седов тағы басқа спортшылар дайындалады.

– Түркелери тобында болашақ Олимпиада чемпиондары жиналған сияқты ғой...

– Энвер болашағынан үлкен үміт күттерітін, мықты спортшыларды жинап алды. Оларды ол өзі жеке Рио-дағы Олимпиада ойындарына дайындайды.

– Құпия болмаса, онда кімдер жаттығуда?

– Біздің Олимпиада чемпиондары: Чиншанло, Манеза мен Подобедова. Бұдан өзге, әлі ешкімге таныс емес жас спортшыларда бар. Оның шәкірттері Олимпиадада жүлделі орындарға таласатына күмәнім жоқ. Тең жартысы – алтын алып жатса таң қалмаймын. Біздің спортшыларымыз Түркелери тобын «Мықты топ» деп атайды. 

– Арасында Илья Ильин секілді үлкен жұлдыз атанатын спортшылар бар дейсіз ғой...

– Бәлкім, Фархад Харки мен Арли Чонтей. Үлкен жарыстарда бағын сынаған спортшылар, дегенмен жеңістері әлі алда. Атыраудан келген жас жігіт Нижат Рахимов Зульфия Чиншанломен жасты. 1995 жылы Қызылжарда туған Айдар Казов деген спортшымыз бар. 1997 жылғы Талдықорғанның жігіті Зелимхан Абубакаров та мықты. Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Тамызда өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына дайындалуда. Одан кейін негізгі құрамға аламыз. Алматыдағы әлем чемпионатында өнер көрсетуі ықтимал.   

                               «Біздің қыздар екі дүркін олимпиада чемпиондары атанғысы келеді»

– 15 ай бойы демалған Олимпиада чемпиондарымыз жаттығуға қалай кірісті? Барлығы шаңырақ көтеріп өсіп-өніп жатыр.

– Жаттығуға өткен жылы кірісе бастады. Манезаға Түркелеридің өзі белгілеген жеке дайындық жоспары бар. Маяның ең басты мақсаты – Риода топ жару. Егерде, жақсы нәтиже көрсетіп жатса, әлем чемпионатына қатысады. Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанғысы келеді.

– Ауыр атлетика тарихында «ана» атанған спортшы олимпиада ойындарын ұтқан оқиғалар болды ма?

– Иә, ресейлік спортшы Валентина Попова ана атанған соң Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін ұтты. Ғылыми тұжырымға  сүйенетін болсақ, әйелдердің бала туғаннан кейін гормондары артатыны дәлелденген. Демек, бұрынғыдан салыстарғанда күшейе түседі. Зульфия Чиншанло болса, үйленгеніне қарамастан жаттығуларын тастаған жоқ. Үнемі жаттығуда. Света Подобедова бір жылдай демалды. Мансабын жалғастыру туралы ойланып жүрді, бірақ Олимпиада ойындарына қатысатынын білдірді. Света – тәртібі жоғары нағыз кәсіпқой спортшы. Храпатыйға қатты ұқсайды. Қашан демалу және жаттығу керек екенін біледі. 

«Бәсекелестік – ынтаны арттырып нәтиже тудырады »

– Ильиннің тобы жайлы не айта аласыз?

– Білесіз бе, Лондоннан кейін бәріміз жұлдыз болып кеттік. Бізге, қарапайым адамдарға ұлы спортшылармен жұмыс істеу қиын (күледі). Маған ең бастысы – бір команда болып өнер көрсету. Бұл тұрғыда ҚР-ның дене шынықтыру мен спорт министірлігі және ҚР-ның ауыр атлетика федерациясына алғысым шексіз. Біздер үшін талай нәрсе жасалуда, сол үшін көп рахмет.

Ильиннің тобында (Седов, Өтешев, Момынбеков, Сыбай және Әміртай – авт.түз) өз дайындық процессі бар. ОЖЖ-нын Польшада сосын Грекияда өткізді. Олардың оқу-жаттығу жиыны 3-ші мамырда аяқталады. Сол себептен олар ел біріншілігіне қатыспады. Олардың бәрі Анатолий Храпатыйдың турнирінде өнер көрсетеді.    

– Биылғы маусымнан не күтесіз? Алда Азия ойындары, әлем чемпионаты бар.

– 2013-ші жылы жарыстар аз болды. Дегенмен, биылғы жылы бар күшімізді салып еңбек етуіміз керек. Екі жыл «көзді ашып жұмғанша» зымырап өте шығады. Биылғы маусымда ұлттық құрамамыз толығымен жасақталады. 30 спортшымызды екі додаға бөлуіміз керек. Содан соң, жылдың қорытындысы бойынша ұлттық құраманы жасақтаймыз. Алдымен оларды әлем чемпионатына кейін Олимпиада ойындарына дайындаймыз. Бәсекелістік – бұл жақсы. Соның арқасында тек мықтылар ғана қалады.  

«Көп нәрсені айта алмаймын»

– Алексей Геннадиұлы, 2013-ші жылы бірнеше қазақстандық спортшыларымыз дәрумен жеп ұсталды. Бұл жайлы не айта аласыз?

– Мен үнемі айтамын, мықтылардың жаулары да көп болды. Лондондағы нәтижеміз, кейбіреулері үшін қызғаныш тудырды. Көп мемлекеттер бізден ондайды күтпеді. Сол Ресейді алатын болсақ, оларда әйелдер арасында ешқашан олимпиада чемпионы болған емес. Ал бізде үш қызымызда сондай көрсеткішке жетті. Олардың ішінде Ресейде өнер көрсеткен спортшымызда бар. Қытайлықтарда сол, Манеза мен Чиншанло оларға керек емес болып шыққан. Бұған қоса, жарақаттары болды. Біз оларды емдеп, мүмкіндік бердік. Олар оны сәтті пайдаланды. Қытайда бұл жайт үлкен шу тудырды. Лондондағы жеңістен кейін бізге жиі тисе бастады. Мұндай оқиғалар жиі кездескен, 1988 жылы Сеулде Болгария құрамасы бірнеше алтын алған болатын. Артынша, оларға допинг қолданды деп бәле жабылды. Болгарияның бас бапкері Иван Ободжиевты жұмыстан босатып жіберді. Ешкімге олардың көрсеткен нәтижесі ұнамады. Кейін, Грекия құрамасының екі спортшысы үш дүркін олимпиада чемпионы болған: Димас пен Кахиашвилис. Афиныдағы ойындардан кейін 11 грекиялық спортшы допинтге ұсталды. 2000-шы жыл Сиднейде Иран құрамасы екі алтын иеленді. Бірнеше уақыттан кейін, тоғыз ирандық спортшы допинг қолданғаны анықталады. Біздің федерацияға айтар алғысым шексіз, бізді қорғай алды. Болгария, Грекия мен Иран құрамаларының тағдырынан сақтап қалды. 2013-ші жылғы оқиғалар кездейсоқ болғанына сенімдімін. 

– Ондай болса, WADA-ға қалай сенуге болады? Егерде олардың допинг-бақылаулары өтірік жүргізілсе...  

– Көп нәрсені мен айта алмаймын. WADA, Ресей мен Қытайды мазалағым келмейді. Мен көп нәрсені білемін, мүмкін бір күні кітап жазармын (күледі). Бірақ қазір емес. Екі жылдан кейін – Олимпиада. Жалпы қазіргі таңда еліміз ауыр атлетикадан жетекші мемлекеттердің қатарына қосылды. Мақсатымыз – әлемдік державаға айналу. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;