русский язык
Велоспорт

«Романдия туры». 4-ші кезең қорытындысы

«Романдия туры». 4-ші кезең қорытындысы

4-ші мамыр күні «Романдия туры» велододасының бесінші кезеңі өз аяғына жетті. Кезең Нешатель аймағында 18,5 шақырымды құрады.

Sky командасының көшбасышысы британиялық Кристофер Фрум мәре сызығын бірінші болып кесті. Жеңісінің арқасында екінші орында табан тіреген словениялық  Симон Шпилак ығыстырып, «Романдия турының» жеңімпазы атанды. «Астаналық» Винченцо Нибали небәрі 17-ші келіп, жалпы тізімде 5-ші орынды қанағат тұтты.  Оның әріптесі даниялық Якоб Фульсанг болса 7-ші орнын сақтап қалды.

Командалық сынақта «Астана» үшінші орынға табан тіреді. Movistar «Романдия турында» бірінші, ал IAM Cycling екінші.
 

«Романдия туры» велододасы. 4-ші кезең қорытындысы

1. Кристофер Фрум (Великобритания, Sky) – 16:18:46

2. Симон Шпилак (Словения, Team Katusha) – 16:19:14

3. Руй Алберту Кошта (Португалия, Lampre-Merida) – 16:20:18

5. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 16:20:34

7. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – 16:20:42

33. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – 16:32:33

51. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – 16:44:15

67. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – 16:52:37

94. Фредрик Кессьякофф (Швеция, Astana Pro Team) – 17:11:43

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;