русский язык
Теннис

Елена Балтача қатерлі ісіктен көз жұмды

Елена Балтача қатерлі ісіктен көз жұмды

Бұрынғы теннисші Елена Балтача жексенбі күні, 4 мамырда, өмірден озды. Естеріңізде болса, наурыз айында Еленаның бауырынан қатерлі ісік табылған болатын.

«Үлкен өкінішпен біздің тамаша Бэллидің қайтыс болғанын жариялаймыз. Ол айрықша адам еді. Оның мінезі, ақкөңілділігі және мейірімділігі ешкімді немқұрайлы қалдырмайтын», — деді Еленаның бұрынғы бапкері мен жары Нино Северино.

Балтача әр түрлі уақытта ITF-дің төрт додасында топ жарып, WTA рейтингінің 49-сатысына дейін көтерілген. Спорттық мәнсабын бітірген кезде оның қоржынында 324 жеңіс пен 243 жеңіліс болған. Киевте дүниеге келген теннисші мәнсабын былтыр ғана аяқтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;